Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көліктер жұмысқа шықпайды

Нұр-Сұлтан әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2021 23:01 Нұр-Сұлтан әкімдігі
Бұл қаладағы карантиндік шаралардың күшейтілуімен байланысты.

Елордада эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Тиісті қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде қабылданды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігі.

Қол қойылған құжаттың негізінде қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгертілді. Қалалық автобус маршруттарының жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады. Бұл күндері автобустарда дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Жолаушылар маска режимін сақтауы тиіс, қоғамдық көлікке маскасыз кіруге қатаң тыйым салынады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

"Қалалық қоғамдық көліктің жұмысын қамтамасыз ету (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялық өңдеу, есіктерінің бәрін ашу, жолаушыларға ыңғайлы орындарға санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде тағуы) жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес жүргізу, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады", делінген қаулы мәтінінде.

Құжат 17 шілде күні күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: