Президент: Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2021 22:11 24kz
Денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет - Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидахуалға байланысты өткізіліп жатқан кеңесте денсаулық сақтау жүйесіндегі олқылықтарға тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірнеше айдың ішінде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, қажетті құрал-жабдық сатып алынды, дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Медицина қызметкерлерін де оқыттық. Енді, осының бәрін дұрыс әрі тиімді пайдалану керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды.

Денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Өкінішке қарай, осы мәселеде олқылықтар бар. Менің тапсырмам бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілді. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Жаңадан салынған модульді жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді, - деді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: