Қазақстанға уақытша әкелінген көлікті 30 қыркүйекке дейін шығару керек

Surety Solutions, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2021 03:56 Surety Solutions
Әкетілмеген жағдайда кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленуі тиіс.

Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктердің иелері оларды 30 қыркүйекке дейін шығаруы керек. Бұл мерзім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетел яғни үшінші мемлекеттерден жеке тұлғалармен жеке қажеттіліктері үшін уақытша әкелінген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына қатысты, деп хабарлайды zakon.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Аталған мерзімдер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 25 шешімімде көрсетілген.

Бұл шешім Одақтың кедендік аумағына болу уақытының пандемияға байланысты 18 айға ұзартылған мерзімді тоқтатады. Осыған дейін одаққа тұрақты тұру үшін көшіп келген шет ел азаматтарының, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің одақтың кедендік аумағына баж алымынсыз жеке мүлігінін алып келуге қатысты жеңілдік болған.

Көлік құралдары 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін әкетілмеген жағдайда кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленуі тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: