Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан тағы 110 адам көз жұмды

Ауруханада жатқан науқастардың 306-сының жағдайы өте ауыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 27 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақпаратқа сәйкес, КВИ-ден 86 адам, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 24 адам қайтыс болды.
27 шілдедегі жағдай бойынша 87 094 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр (85 163+ және 1 931 -), оның ішінде 24 328-і стационарларда, ал 62 766 адам амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ + және КВИ - науқастар арасында:
ауыр жағдайда - 1 461 науқас;
өте ауыр күйде - 306;
жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 182.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript