Шекарашы баланы құтқарды

ҰҚК баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 16:52 ҰҚК баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.

2021 жылғы 18 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылында ҰҚК Шекара қызметі Департаментінің әскери қызметшісі Айдын Тұрсынғазыұлы жерге көмілген су ыдысына құлаған екі жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара аймағын аралау кезінде баланың дауысын естіп, жылдам көмекке жеткен әскери қызметші сол маңайда болмағанда қайғылы жағдай орын алар еді. Баланы ес-түссіз күйде тапқан А.Тұрсынғазыұлы жасанды тыныс алу және жүрекке жанама массаж түрінде алғашқы медициналық көмек көрсете бастады, содан кейін бала есін жиды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.

Осындай қиын жағдайда шекарашының тез шешім қабылдап, кәсіби дайындығының арқасында алғашқы медициналық көмек көрсетіп баланың өмірін сақтап қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: