+43 градус. 3-5 тамызға арналған ауа-райы болжамы

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2021 18:17 pixabay.com
Республикамыздың батысы мен оңтүстігінде қатты аптап ыстық күтіледі.

Синоптиктер 3-5 тамызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Республикамыздың батысы мен оңтүстігінде қатты аптап ыстық күтіледі.

Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасы еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Бұл аумақта әлі де өте қатты ыстық ауа-райы сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін. Атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты республикамыздың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста сынап бағаны 23-33°С деңгейінде болады деп күтіледі, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: