26 тамызға арналған ауа райы болжамы
Кең ауқымды және аз қозғалатын антициклонның оңтүстік, оңтүстік-шығыс перифериясы бұрынғысынша еліміздің басым бөлігінің ауа райының қалыптастырып, ашық және құрғақ ауа райын сақтайды. Сондай-ақ, ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақтала отырып, бұл өңірлерде найзағай, жаңбыр жаууына әсер етеді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең шығыста, солтүстікте тұман түседі."Қазгидромет" РМК
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +25...+27°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +23...+25°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +30...+32°С болады.