Қытайдың атынан өнер көрсететін қазақ Токиода жүлде алды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2021 23:09 inform.kz
Уәлихан 1993 жылы Шыңжаңның Дөрбілжін ауылында өмірге келген.

Қытай құрамасының атынан сынға түсіп жүрген қазақ Уәлихан Серікұлы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды zakon.kz malim.kz-ке сілтеме жасап.

Уәлихан қола үшін бәсекеде украиналық палуан Ленур Темировты жеңді.

60 келі салмақта өнер көрсететін Уәлихан Олимпиададағы алғаш кездесуінде неміс Этьен Кинзингерден басым түсті. Алайда ширек финалда жапониялық Кеничиро Фумитеден жеңілген. Сосын үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алып, алдымен алжирлік Әбділкарим Фергатты жеңді.

Уәлихан 1993 жылы Шыңжаңның Дөрбілжін ауылында өмірге келген. Венгияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия біріншілігінде де үшінші орын алған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: