Цой эпидахуал туралы: Оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2021 15:47 zakon.kz
Ол оптимистік сценарийдің одан әрі сақталуы карантиндік шаралар мен халықты вакциналауды ұстанған жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз-қыркүйек айларында коронавирусқа шалдыққан науқастарды саны болжаммен 250 мыңды құрайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сүйене отырып, біз оптимистік сценарий бойынша алға жылжимыз, ондайда, яғни тамыз-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар болжам бойынша шамамен 250 мың адамды құрайды, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

Ол оптимистік сценарийдің одан әрі сақталуы карантиндік шаралар мен халықты вакциналауды ұстанған жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өтті.

26 маусымнан бастап Қазақстан "қызыл" аймақта. 1 тамызда барлық облыстар "қызыл" аймаққа енді, ал 3 тамызда Түркістан облысы одан шықты.

3 тамыздағы жағдай бойынша, 102 839 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Маусым айында Денсаулық сақтау министрі жазда эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін ұсынды. Соңғысын Цой тиімдірек деп атады : төрт апталық қатаң карантин жариялау, ондайда тамыздың аяғында күніне 2 500 адам ауруханаға түсетін болады, делініп еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: