Орталық Азия елдерінің басшылары Түркіменстанда кеңеседі

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 21:55 Ақорда
Қырғыз басшысы Садыр Жапаров Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірнеше жеке кездесу өтізеді.

Түркіменстанда 5–6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі өтеді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, саммитте аймақ елдерінің басшылары сауда-экономика, энергетика, көлік-коммуникация, сонымен бірге коронавирус пандемиясымен күрес мәселелерін талқылайды.

Саммит аясында қырғыз басшысы Садыр Жапаров Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірнеше жеке кездесу өтізеді.

Түркіменстандағы саммит аясында экономикалық форум, аймақтағы жетекші әйелдердің форумы, сонымен бірге Орталық Азия ұлттық тағамдары мен ұлттық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: