Каратэші Асаділов қос қарсыласын ұтып, өз тобында үздік келеді

ҚР ҰОК, Владислав Семенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 17:24 ҚР ҰОК, Владислав Семенов
Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.

Токио Олимпиадасында каратэ спортынан жекпе-жектер басталды. Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz мәліметі бойынша, б үгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов сынға түсуде.

Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады.

Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті.

Әзірге, Дархан Асаділов өз тобында 4 ұпай жинап, көш басында келеді.

Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: