Жаңалықтар тізбегі
0

Берік Имашев ҚР ОСК төрағасы болып қайта тағайындалды

election.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2021 21:14 election.gov.kz
Қазақстан Президенті ОСК төрағасын бес жыл мерзімге тағайындайтынын айта кетелік.

Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.

Қазақстан Президенті ОСК төрағасын бес жыл мерзімге тағайындайтынын айта кетелік.

Берік Имашев ОСК басшысы болып 2016 жылдың 13 қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Ол 1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (1982), заңгер, заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

1982 - 1992 жылдары - Фрунзе ауданы прокуратурасының тағылымгері, тергеушісі, көліктегі заңдарды орындау жөніндегі бөлімнің прокуроры, Қазақ ССР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, Алматы қаласы Мәскеу ауданының прокуроры;

1992 - 1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығы;

1993 - 1994 жылдары - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары;

1994 - 1995 жылдары - "Казкоммерцбанк" АБ басқармасы төрағасының орынбасары;

10.1995 - 09.1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары - Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің директоры;

09.1996 - 04.1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары - Салық полициясы басқармасының бастығы;

1997 -1998 жылдары - "Имашев және әріптестер" заң фирмасының директоры;

04.1998 - 10.1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Президентінің шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі;

11.1999 - 12.2000 жылдары - Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, "Имаш" адвокаттық кеңсесінің директоры, Астана қаласы адвокаттар алқасының төралқа төрағасының орынбасары;

12.2000 - 11.2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы (Үкімет мүшесі);

11.2001 - 07.2003 жылдары - Астана қаласы адвокаттар алқасының мүшесі;

09.2002 - 07.2003 жылдары - "Мұнайконсалтинг" ЖАҚ президенті;

06.2003 - 05.2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;

05.2005 - 10.2005 жылдары - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқармасының төрағасы;

10.2005 - 01.2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

01.2007 - 02.2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

02.2008 - 08.2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

08.2008 - 01.2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;

01.2012 - 09.2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрі;

2016 жылғы 13 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Отбасылық жағдайы:

- үйленген, үш баласы, төрт немересі бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: