Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан банктеріне 77 млн теңге айыппұл салынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 21:47 zakon.kz
Әкімшілік айыппұл 12 банкке салынған.

Биыл қаңтар-шілде аралығында Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне 40 әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады zakon.kz.

Бұл туралы Finprom.kz сайтына сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан хабарлады.

Оның жартысынан көбі ForteBank және Capital Bank-ке салынған. Айыппұлдың жалпы көлемі - 77,4 миллион теңге. Былтыр айыппұл саны 88, жалпы көлемі 87,5 миллион теңге болатын.

Әкімшілік айыппұл 12 банкке салынған. ForteBank жарты жылда 11 айыппұл арқалады. Одан кейін тізімде маусым айында лицензиясынан айырылған Capital Bank тұр. Оған 10 әкімшілік айыппұл салынған.

Үштікке жарты жылда бес айыппұл арқалаған Al Hilal ислам банкі кірді. АТФБанк, ЦентрКредитБанк пен Сбербанк екі айыппұлдан алды. AsiaCredit Bank, Хоум Кредит, Jusan Bank, Еуразиялық банк, Altyn Bank және Халық банкінде бір-бір айыппұлдан бар.

Салынған айыппұл көлемі жағынан да көшті ForteBank бастап тұр, оған салынған айыппұл көлемі - 33,7 миллион теңге. Одан кейін Al Hilal ислам банкі - 26 миллион теңге және Capital Bank - 9,2 миллион теңге. Қазіргі уақытта АТФБанк - 2,6 миллион теңге, ЦентрКредит банкі - 1,2 миллион теңге, Еуразиялық банк - 875,1 мың теңге айыппұл төлеген.

Қарыздың сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратта оның жылдық, тиімді есептелуін көрсету талабын орындамағаны үшін Халық банк пен Altyn Bank-ке айыппұл салынды.

Талдау нәтижелеріне сүйенсек, екінші деңгейлі банктер түрлі құқықтық нормативтер талабын орындамаған. Олардың қатарында банктің қадағалау шарасын қолдану арқылы уәкілетті орган жүктеген міндеттемелерді орындамау, қажетті тексеру шараларын ұйымдастырмау, "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" заңда белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлем және ақша аудару жөніндегі нұсқаулықтардың уақытында орындалмауы сынды олқылықтар бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: