Жағдай қиын! Шымкенттіктер оттегі баллонын іздестіріп жатыр

Facebook/Болатбек Әлиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 22:28 Facebook/Болатбек Әлиев
Хабарламада бір айға 200 баллон керек екені айтылады.

Желіде Шымкентте коронавирус науқастардың көбеюіне байланысты жасанды тыныс алу аппаратына арналған оттегі баллондары жетіспей жатқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы жергілікті кәсіпкер Болатбек Әлиев Facebook-те жазды.

"Шымкент - COVID. Желіде бөлісе отырыңыздар, әсіресе бизнестегі әріптестеріме құлаққағыс! Көмек керек. Қалада қиын жағдай. Жерлестер! Қаланың барлық ауруханалары толған. Саланың мамандары өте ауыр жағдайда жұмыс істеп жатыр, құрал-жабдық, оттегі баллондары жетіспеуде. Тез арада бір айға 200 баллон керек, жалға, ақшасын төлеймін, болмаса сарайда, қорада керексіз болып жатқан баллон болса, өздеріңіз жақын маңдағы медпункттерге жеткізіп тастасаңыздар да болады немесе бізге хабарлассаңыздар", делінген жазбада.


zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: