Жаңалықтар тізбегі
0

Әр ауыл әкімі қай шаруаға қанша шөп қажеттігін білуі керек – Қарашөкеев

ҚР АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2021 21:18 ҚР АШМ
Ауыл әкімдерінде толық ақпарат болуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Республикалық жедел штабтың 5-ші отырысы өтті. Министрдің міндетін атқарушы Е.Қарашөкеевтің төрағалығымен штаб мүшелері жем-шөп дайындау және қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі астық қорын форвардтық сатып алу үшін Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын 20 млрд теңгеге ұлғайтуға Ұлттық экономика министрлігіне инвестициялық ұсыныс жіберді. Оң қорытынды күтеміз, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ҰЭМ-не "ҚазАгроҚаржы" АҚ-на фермерлердің жем-шөп дайындау техникасы мен суарудың ұтқыр жүйелерін сатып алуға арналған өтінімдерін қаржыландыру үшін қаражат бөлу туралы мемлекеттік инвестициялық ұсыныс жіберілді.

Облыстық штаб өкілдерінің баяндамаларын тыңдаған министрлік басшысы Қызылорда облысына тамыз айында Үкімет резервінің қаражатын толық игеруді және орындалуы тиіс нақты нәтижелерді қамтамасыз етуді тапсырды.

Таяу уақытта еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде астық жинау науқаны басталады және тиісінше негізгі күш соған жұмсалатын болады. Қалған уақыт ішінде облыс әкімдіктері мал азығын дайындауды жандандырып, қажетті көлемнің орындалуын қамтамасыз етуді және жем-шөп дайындауға арналған арзандатылған дизель отынының тең бөлінуін ерекше бақылауға алуы қажет.

Бір аптаның ішінде облыс аумағындағы әрбір ұн тарту кәсіпорнынан алынатын кебек көлемін жеке-жеке көрсете отырып, астықты қайта өңдеудің ай сайынғы көлемі туралы ақпарат жинасын. Бұл, жағдайды талдау және кейіннен мал шаруашылығы субъектілері мен ЖҚШ арасында бөлу үшін және зардап шеккен өңірлерге жеткізу мәселелерін анықтау үшін қажет, - деп тапсырды Ербол Қарашөкеев.

Маңғыстау облысының әкімдігі биыл қыстауға кіретін мал санын нақтылау жұмыстарын аяқтауы керек. Статистика деректері бойынша биылғы жылдың 1 шілдесіне Маңғыстау облысында 28,6 мың бас ІҚМ, 452,3 мың бас ҰММ, 122,4 мың бас жылқы және 84,7 мың бас түйе бар.

Бізге субъектілердің санаттары бойынша жем-шөппен қамтамасыз ету туралы шынайы ақпарат қажет. Әкімдіктерде әрбір фермерлік шаруашылықтың жем-шөппен қамтамасыз етілу және олардың жем-шөп қорын өз күштерімен жинаудың әлеуетті мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат болуға тиіс. Сіздер қай шаруа өз мәселесін шеше алмай жатқанын және қандай көлемде көмекке мұқтаж екенін білулеріңіз керек. Әр ауыл әкімінде әрбір жеке қосалқы шаруашылықтың қажеттілігі туралы толық ақпарат болуы тиіс. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар ерекше есепке алынуы керек, - деді Е.Қарашөкеев.

Бұл ақпарат министрлікке көрсетілетін көмектің көлемін болжауға және оның көмек көздерін іздеу үшін қажет.

Бүгінгі таңда Үкіметтің тапсырмасына сәйкес аймақтар жемдік мақсаттарға арпа мен қара бидай сабанын жинап, престеп жатыр, оның бір бөлігі зардап шеккен аймақтардың қажеттіліктері нақтыланғаннан кейін жеткізіледі.

Облыс әкімдерінің орынбасарлары жергілікті жерлерде зардап шеккен өңірлерге көмек қорларын құру мәселесін зерттеулері қажет. Осындай қорды құру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында осы қиын кезеңде зардап шеккен аймақтардағы әріптестеріне кәсіби ынтымақтастық пен көмек көрсетудің маңыздылығы туралы тиісті түсіндіру жұмыстарымен сүйемелденсе дұрыс болар еді, - деп атап өтті министрдің м.а.

Естеріңізге сала кетейік, құрамына облыстар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, Бәйтерек холдингі мен Азық-түлік корпорациясының қаржыландырушы ұйымдарының басшылары енген Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Республикалық жедел штаб жем-шөп дайындау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру үшін құрылған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: