Қарағандының "Шахтері" украиналық "Колосты" жеңді
видеодан кадр
"Кеншілердің" плэй-офф кезеңіндегі қарсыласы 12 тамызда анықталады.
Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты ойында қарағандылық "Шахтер" украиналық "Колосты" пенальти сериясында 3:1 (жалпы есеп - 0:0) есебімен ұтты. Матч "Астана Арена" стадионында өтті, дейді zakon.kz Аладопқа сілтеме жасап.
Қос команда 90 минут бойы және екі экстра-таймда да гол соға алмады. Ал пенальти сериясында қарағандылық клубтың қақпашысы Игорь Шацкий үш рет сейв жасады. Ал "Шахтер" сапында Эдин Рустемович, Стефан Букорац және Иван Граф өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды.
"Кеншілердің" плэй-офф кезеңіндегі қарсыласы 12 тамызда анықталады. Қарағандылық клуб келесі кезеңде "Спартак Трнава" - "Маккаби Тель Авив" жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript