Қазақстанда күн салқындайды
Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылғы 12-14 тамызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Батыс Сібірде орналасқан циклон, республиканың шығыс бөлігінде әлі де қолайсыз ауа-райы қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады.
Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге, қатты жаңбыр жауады. Республиканың батыс жартысында ауа-райы Жаңа Жер облыстарынан келетін антициклонмен анықталады — температураның төмендеуі күтіледі.
Елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде, ауа температурасы түнде 5-13-ке дейін төмендейді, күндіз 15-23 градусқа дейін болатыны күтіледі. Оңтүстікте түнде 8-18-ге дейін, күндіз 18- 34 градусқа дейін болжануда.
Батыста түнде аздап төмендейді — 17-27, күндіз 30-40 градусқа дейін.