УЕФА Суперкубогын "Челси" иеленді
УЕФА Суперкубогі үшін болған ойында "Челси" "Вильярреалмен" күш сынасты, деп хабарлайды zakon.kz Аладопқа сілтеме жасап.
Ойын Белфасттағы (Солтүстік Ирландия) "Уиндзор Парк" стадионында өтті және "Челсидің" жеңісімен аяқталды (1:1, пенальти сериясы 6:5).
Кездесудің 27-минутында "Челсидің" жартылай қорғаушысы Хаким Зиеш есеп ашты. Марокколық футболшы Кай Хаверцтің сол қапталдан жерлете берген пасын қақпаға дәл бағыттады. 73-минутта "Вильярреал" шабуылшысы Жерар Морено есепті теңестірді. Экстра-таймда гол соға алмаған қос команда жеңімпазды пенальти сериясында анықтады.
"Челси" сапында Кай Хаверц өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. Ал "Вильярреалдың" қорғаушысы Аисса Манди мен капитан Рауль Альбиольдің тепкен добын қақпашы Кепа Аррисабалага қайтара білді. Томас Тухель испаниялық қақпашыны арнайы пенальти сериясы үшін 119-минутта Эдуард Мендидің орнына шығарған еді.
Осылайша "Челси" өз тарихында екінші мәрте УЕФА Суперкубогінің иегері атанды.