Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстан электромобиль шығара бастады

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2021 21:15 kolesa.kz
Шағын жүк көліктерін құрастыратын зауыт Бішкекте іске қосылды.

"Ками Моторс" компаниясын көрші елдің алғашқы ұлттық автоөндірушісі деп атауға болады. Оның бірінші өнімі — Nimble деп аталатын шағын жүк көлігі, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Машинаның ұзындығы — 4240 мм, ені — 1600 мм, биіктігі — 1980 мм. Жүк платформасының көлемі — 1600-ге 2700 мм (4.3 м2). Көлік 700 келіге дейінгі жүкті тасымалдауға қабілетті. Кабинасы композитті панельдермен қапталған болат құбырлардан жасалған. Өндіріс шығынын азайту үшін оларды әдейі жалпақ және қырлы етіп жасапты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2021 21:15

Nimble — электромобиль. 20.5 ат күшін беретін асинхронды мотор артқы дөңгелектерді қозғалтады. Ол сыйымдылығы 100 А·сағ литий-темір-фосфатты батареядан қуат алады. Модель 110 шақырымды еркін еңсереді.

Машинаның механикалық жағының 95 %-ы АВТОВАЗдың түрлі модельдеріне сәйкес келеді. Демек қосалқы бөлшек іздеп әуре болмайсыз. Өндіруші жүк көлігінің ЕЭО ережесіне сай сертификаттаудан өткенін және жалпы қолданыстағы жолдармен жүре алатынын хабарлады. "Ками Моторс" өніміне екі жыл (50 000 км жүрген жол) кепілдік береді, бірақ машина әзірше көптеп шығарылмайды.

Салыстыру үшін айтсақ, 550 кг жүк көтеретін 38 ат күшіне ие бензинді моторы бар Chevrolet Labo Қазақстанда 3.5 млн теңге тұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: