Тәліптер деген бізше айтқанда уахабилер мен салафиттер
Al-Emara
Тәліптер деген кім және оларды жақтаушылар бар ма?
"Талибан" қозғалысы Ауғанстанды басып алып, Ауғанстан президенті елден кетті. Бұл желіде қызу талқыға түскен саяси тақырыптың біріне айналды. Осы орайда тәліптер кім? Олардың діни ұстанымы қандай? Жақтаушылары бар ма? Осы сынды сұрақтардың жауабын BAQ.KZ тілшісі танымал дінтанушы, мәдениеттанушы, теолог ғалым Досай Кенжетайдан сұраған екен.
Тәліптердің ақидасы бүгінгі біздің тілмен айтқан кезде уахабистік, салафилік бағытты ұстанады. Бұл буквализм құрамындағы аяттарды сол күйінде қабылдау, былайша айтқандай, "таслим". "Адамның сөзіне емес, Алланың сөзіне тәсілім болу керек". Ауғанстан халқы сунни, бірақ олар саяси исламды иектеніп отыр. Демек, мазхабтары сунни болғанымен, вахабизм, салафизм ағымына жатады, - деді ол.
Ғалымның айтуынша, тәліптер ислами теократиялық мемлекет құрғысы келеді.
Исламның шариғатына басымдық бергісі келеді. Бұл да батыс пен шығыстың арасындағы текетіресте "өзгермей, өзіміз болып қалуымыз керек" деген ұстанымнан шығып отыр. "Талибан" қозғалысы өткен ғасырда Пәкістанда Диабанд мектебінде қалыптасқан. Атеизм мен коммунизмге қарсы ұран тастаған. 1978-79 жылдары Кеңес үкіметі әскерін оларға де кіргізген болатын. Сол кездегі қозғалыс қанша жылдан бері өлмей, өз күшін қазір көрсетіп жатыр, - деді Досай Кенжетай.
Теологтың айтуынша, тәліптер сүннет бойынша сақал қою сынды атрибуттарға үлкен маңыз береді.
Ел арасында "тәліптер" шәкірттер деген мағынаны білдіреді. Алғашында Пәкістанның Диабанд мектебінде құрылған жастар арасындағы қозғалыс болды. Саяси ислам байланыстырып тұр, - деді ол.
Дінтанушының айтуынша, Қазақстанда тәліптердің қозғалысына тыйым салынған.
Себебі "Талибан" қозғалысы радикалды және экстремистік шектен шыққан ұйым. Сондықтан да біздің елімізде оған тыйым салынып отыр. Ханафи мазхабын ұстану, ұстанбау деген мәселе жоқ. Радикализм - ол басқаша идеологиялық платформаға сүйеніп алып іс-әрекет ететін экстремистік топ. Ханафи мазхабында экстремизм, радикализм жоқ деп те айтуға болмайды. Себебі әр адамның бойында радикализм көріністері болуы мүмкін. Ол ағымға байланысты емес. Сондықтан радикалды пікірде болған мұсылмандар өздерінің арам пиғылдарын Ханафи мазхабына кірсе де жалғастыра береді. Саяси ислам болғандықтан, ол жерде шек, қалып, тұрақтылық дегенді табу қиын. Мұның барлығы айналып келгенде саясат, - деді ол.
Досай Кенжетайдың айтуынша, Ауғанстанға Таяу Шығыстың платформасы Әл-Каида арқылы ауды.
Олардың жақтастары Қазақстанда жеткілікті. Ол платформа – вахабизм. Олардың киім киістері мен дауыстарынан, идеясынан қандай ағымға жататынын білуге болады. Мысалы, бір кездері Ираннан келген Диабандтың өкілі бізге келгені белгілі болды. Ол Маңғыстауда имам қызметін атқарды. Олардың жүріс-тұрысы, ойлау жүйесі саяси исламға жатады. Салафилік, уахабистік бағытында ширк, мушрик, рух (аруақтарыға зиярат етуге тыйым салу) мәселесі бар. Тәліп деген сөз уахаб дегеннің синонимі десек те болады, - деді Досай Кенжетай.
Аягөз ҚҰРМАШ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript