Әлемдегі ауған елшіліктері тәліптер режимін мойындамайды
Бұл жөнінде Душанбедегі Ауғанстан елшісі мәлімдеді. Осыған дейін батыс және АҚШ елдері Кабулды басып алған тәліптер билігін мойындауға әлі ерте деген.
Әлемдегі 67 Ауғанстан елшілігі "Талибан" қозғалысы режимін мойындамайды, деп жазады centralasian.org.
Тәліптер құрған жаңа ауған үкіметі заңсыз деп мәлімдеді Душанбеде Ауғанстан елшісі Мохаммад Захир Акбар.
Дипломаттың сөзінше, Ауғанстан басшысы ретінде вице-президент Амрулла Салехты таниды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елінен қашқан соң, Конституцияға сәйкес, оның орнына вице-президент отыруы тиіс.
Акбардың айтуынша, Салех қазір Панджшер қаласында. "Талибан" қаланы басып алды, бірақ ауылды жерлерінде әлі соғыс жүріп жатыр.
7 қыркүйекте тәліптер Ауғанстан үкіметінің жаңа құрамын жариялаған. Барлық жетекші орындарға тәліптер өкілдері келген. Ауғанстанды 60 жастағы қозғалыс жетекшісі Хайбатулла Ахундзада басқарады делінген.
Үкімет басшысы міндетін атқарушы - Мохаммад Хасан Ахунд молда. Барлау министрі болып Гуантанамо түрмесінде 12 жыл отырып шыққан Абдул Хак Васик тағайындалған.