Жаңалықтар тізбегі
0

Біз Ауғанстандағы соғыс ақыры аяқталады деп үміттенеміз - ҚХР СІМ

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2021 00:07 pixabay.com
Чуньин ел тағдырын ауған халқы шешуі тиіс екенін де атап өтті.

Қытай Талибан (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) қозғалысы уәде еткендей, Ауғанстандағы соғыс тоқтайды деп үміттенеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Талибан" қозғалысының мәлімдемесін назарға алып, Ауғанстандағы соғыс ақыры аяқталады деп үміттенеміз. (...) Біз бұл уәде орындалады деп үміттенеміз, - деп келтіреді ТАСС.

ҚХР СІМ ресми өкілі Ауғанстандағы соғыс бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқанын еске салды.

Чуньин ел тағдырын ауған халқы шешуі тиіс екенін де атап өтті.

Біз толерантты ислам үкіметі құрылып, тәліптер бейбіт тұрғындар мен шетелдік дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп үміттенеміз. Терроризмнің барлық көріністеріне нүкте қою қажет, - дейді ресми өкіл.

Ол Ауғанстаннан босқындар ағылған жағдайда Қытай билігі бұл мәселені БҰҰ Жарғысына сәйкес шешетінін айтты.

Негізінде, біз бұл мәселені БҰҰ-мен босқындар туралы келісімдер жағдайында шешетін боламыз, - дейді Чуньин.


Сонымен қатар, ҚХР СІМ ресми өкілі әзірге бұл "гипотетикалық сұрақ, оған жауап беру оңай емес"екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Кабулдағы Қытай елшілігі тәліптер Ауғанстан астанасын басып алғанына қарамастан, әдеттегідей жұмыс істейді.

Кабулдағы Қытай елшілігі әдеттегідей жұмыс істейді. Қытай елшісі мен біздің басқа дипломаттар өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруда. Ауғанстандағы Қытай азаматтарының көпшілігі ҚХР елшілігінің көмегімен өз еліне оралды. Онда өз еркімен кетпей, қалып қойған бірнеше өкілдер бар, - деді Хуан Чуньин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: