Тоқаев Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
Facebook/Берік Уәли
Журналист коронавирусқа шалдығып, соңғы екі апта жансақтау бөлімінде жатқан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Амангелді Муатқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын", - деп жазылған Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-те жариялаған көңіл айту жеделхатында.
16 тамызда кешкісін белгілі спорт журналисті Амангелді Сейітханның коронавирустан қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript