Ірі астероид Жерге қарай ұшып келеді
21 тамызда потенциалды қауіпті астероид - 2016 AJ193 Жерге жақындайды. Ол планетаға қатты қауіп төндірмейді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы РИА Новости Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды.
Ғарыштық тастың диаметрі - шамамен 1,37 км.
Ғалымдар Жерге 7,5 миллион шақырымнан аз қашықтықта жақындайтын астероидтарды потенциалды қауіпті деп саналатынын айтады. Ғалымдардың айтуынша, астрономдар бақылай бермейтін аспан денелері ең қауіпті болып табылады және әлем ол туралы құлағаннан кейін ғана бір-ақ біледі. Осындай аспан денелері бірнеше рет планетамызға жақындап келген, оның көбісі осы жолғы - 2016 AJ193-ке қарағанда жақынырақ өтті.
Сонымен, 10 жыл бұрын көлемі 100 және 360 метр болатын екі астероид Жерден 384 мың шақырым қашықтықта ұшып өтті.
Жүз жыл бойы 30-дан астам осындай жақындаулар болды. Әдетте, барлық болжанған астероидтар біздің жанымыздан кедергісіз өте шығады, - дейді Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметі.