Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда балықшылар әкімдік алдында наразылыққа жиналды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2021 19:08 видеодан кадр
Билік балықшылар суға батып, жоқ боп кетсін дей ме?

Атыраулық балықшылар жаңа заңға қарсы. Әбден шығынға батқан ауыл тұрғындары енді мүлдем табыссыз қаламыз ба деп алаңдайды. Нәпақасын судан тауып, отбасын асырап отырған балықшылар бүгін әкімдік алдына жиналып, наразылықтарын білдірді. Ал әкімдіктегілер өзгерістер су маржандарын қорғау үшін жасалып отыр деп ақталуда, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Атырау өңірінің балықшылары – ауыл тұрғындары бүгіннен бастап енгізіліп жатқан өзгерістерге шағымдануда. Себебі қаулыға сәйкес, балықты тормен аулауға тыйым салынады. Ал бекітілген жаңа құрылғыға тек ұсақ балық ілінеді екен. Алайда оны кооперативтер қабылдамайды, дейді ауыл тұрғындары.

Жасталап Құспан, Дамбы ауылдық округінің тұрғыны:

Енді бір он күннен кейін теңіз басталады. Вентерді қайдан табамыз. Вентерді тапқанның өзінде салатын жеріміз жоқ. Су жоқ. Отбасымызды асырап отырмыз!

Белгілісі, шаруалар 500-600 мыңға жаңа тор сатып алған. Біраќ оны қолдануға рұқсат жоқ. Салдарынан табысымыздан қағылып, шығынға баттық, дейді.

Сәндібек Құрманов, Дамбы ауылдық округінің тұрғыны:

Сендер сетка салмаңдар дейді. Салған сеткамызды мысалы правыйға 30 км-ға кет дейді, левыйға легерден әрі қарай кет дейді. Оның бәрі каждыйының территориясы то Ақжайық, то погран, то водный, то рыбоохрана. Амал жоқ біз он бестік мотормен кетеміз. Ал егер біз анаған вентерь салып алатын болсақ, бүгін жел соғып тұр біз мынада батып өлеміз. Әлде біздің каждыйлармыздың батқандарымызды қалап отыр ма?

Облыстық балық шаруашылығы басқармасы бјріне кооператив кінәлі екенін алға тартуда. Коператив басшылары тұрғындарға мәселені егжей-тегжейлі түсіндірмеген. Десе де жаңа заңның мақсаты – экологияны оңалтып, балық қорын, су маржандарын сақтап қалу, дейді Артур Сәдібекұлы.

Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

Жайықтың деңгейі төмен түсіп бара жатыр. Жайықта фактически балық жоқ. Кіретін балықтар теңіздің тамағында. 80 пайызыңыз сеткамен аулайсыздар. Ал балық бері қарай кірмейді. Біздер балық қорын мүлдем жойып жатырмыз.

Қысқасы, балықшылардың мәселесі басы ашық күйінде қалып отыр. Бірақ наразы топ енді облыстық әкімдіктің алдына баруға бекініп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: