Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға дейін аяқтау керек деді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 15:53 primeminister.kz
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жалпы тұрақтанып келе жатқанын айтты. Вирустың репродуктивтік индексі 0,97 құрайды, инфекциялық төсек орындар 53%, реанимациялық төсектер 47% толы. Бүгінгі таңда 6,1 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 4,8 млн-нан астам адам екінші компонентін алды. Вакциналаудың жақсы қарқынына Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында қол жеткізілді. Үкімет басшысы Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау қарқынын едәуір күшейтуді тапсырды.

Премьер-Министр жаңа оқу жылына дайындық аясында 25 тамызға дейін мұғалімдерді вакциналауды аяқтап, оқу орындарының дайындығына бақылауды күшейту қажет екенін атап өтті. А. Мамин халықтың шектеу шараларын сақтауын одан әрі бақылауды және мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды, вакциналау қажеттілігі туралы ақпараттық жұмысты кеңейтуді тапсырды. "Қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде демалыс күндеріне енгізілген локдаун сақталады. "Ashyq" жобасына қатысушылар санын арттыру жұмысы жалғасады. Бүгінгі таңда қосымшаға 4 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген, жобаға 111 мың бизнес субъектісі қатысады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: