ЕО тәлібтерді заңды билік деп мойындаудан бас тартты

Javed Tanveer / AFP / Getty Images, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 19:57 Javed Tanveer / AFP / Getty Images
БҰҰ да тәлібтердің беріп жатқан уәделеріне сене бермейтінін білдірді.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хосеп Боррелл "тәлібтермен келіссөздер жүргізуге тура келеді", өйткені олар "соғыста жеңіске жетті", деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Бірақ Боррелл бұл Брюссельдің тәлібтерді Ауғанстан билігі ретінде ресми түрде мойындайтынын білдірмейді деп атап өтті. Оның сөзінше, Талибанға қатысты жағдайдың біржақты шешілуін күту керек.

Сонымен қатар, БҰҰ да тәлібтердің беріп жатқан уәделеріне сене бермейтінін білдірді.

Тәлібтердің өз уәделерін орындауына қатысты жағдайға сол жерге барып, іс жүзінде көз жеткізу керек, деді БҰҰ-ның ресми өкілі Стефан Дужаррик.

Әзірге белгілісі, Австрия босқындарды қабылдаудан бас тартты. Олар онсыз да осыған дейін Ауғанстаннан 35 мың босқынды қабылдаған. Ұлыбритания алдағы жылдардың ішінде 20 мыңдай босқын қабылдайтынын мәлім етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: