Нұр-Сұлтанға Ресей премьері Мишустин келе жатыр

Александр Астафьев / ТАСС, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 21:07 Александр Астафьев / ТАСС
Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасымен кездеседі.

18-19 тамызда РФ Премьер-министрі Михаил Мишустин жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келеді, деп хабарлайды zakon.kz РФ Үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Михаил Мишустин ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар, Ресей Премьер-Министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, делінеді хабарламада.

Кездесулер барысында өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: