Жаңалықтар тізбегі
0

Талапкерде жұмысшылар жалақыларын даулап жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 22:17 видеодан кадр
Керек болса сотқа дейін барамыз деп бекініп отыр.

Тасқын кезінде өмірін тәуекелге тіккендер жалақысын ала алмай жүр. Арнамызға шағымданған жандар елорда маңындағы үйлерді қызыл су басқанда күн-түн демей еңбек еттік дейді. Енді маңдай тер еңбектері далаға кететін түрі бар. Төрт айдан бері нәпақасына қол жеткізе алмай жүргендер әкімдікке ашулы. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Жиналғандардың жұмысқа шықпаймыз деп талап қоюы орынды. Жалақысын төрт айдан бері ала алмай жүр.

Жалақы жоқтың көңілі көк, қарны қайдан тоқ болсын?

Дәурен Мұқашев, Талапкер ауылының тұрғыны:

Біздің де үйде семьямыз бар, бала-шағамыз бар. кредитіміз бар. Машиналрды қысқа дайындауымыз керек. Сайман алу керек. Әлі болмай жатыр, аударылмай жатыр, кішкене істей тұрыңдар. Сонымен жоқ. Сезон өтеді. Уже 3-4 ай болды. Әлі ақшамыз жоқ. Бермейді.

Елорда маңы қар суына батқанда техникасын сайлап, су астында қалған үй-көшені құтқарған осы жандар. Жылда ел-жұртты аяғасын ғана жұмысқа кірісеміз дейді жиналғандар. Әйтпесе, әкімдіктің жалақыны уақытылы бермеуі дәстүрге айналып барады.

Думан Шәукенов, Талапкер ауылының тұрғыны:

Үш жыл болды ақшаны уақытылы алмаймыз. Жылда табалдырықтарын. Тозыдарамыз қай уақытта беретіндері белгісіз. ал уақытылы бермеген ақшаның берекесі болмайды ғой.

Әкімдікке кіру қатты қиын шаруа емес екен. Алайда уәдені үйіп-төгуді қатыратын әкім бізбен тілдесуге асықпады. Жарты сағат күттіртіп, соңында көмекшісін ғана жіберді.

Арман Жұмағұлов, Целиноград ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Қазір қанша айтсақ та, облыстан қосымша қаражат бөлінбейді. Өйткені мемлекеттік бюджеттен жылда қар суымен күресуге бөлінетіні 48-ақ миллион. Бұл барлығының жалақысын төлеп, шығындарды жабуға жетпейді. Сол үшін күтуге тура келеді.

Нақтырақ, 3 қыркүйек күні жұмысшылардың жалақысы толықтай болмаса да, бір бөлігі төленеді деген шендінің уәдесін алдық. Ал барлық қарыздары жыл соңына дейін қайтарылады деп сендірді. Әрине, мүндай талаппен жұмысшылардың келіскісі келмейді. Бірақ, әкімдіктің кезекті уәдесі тағы сөз күйінде қалса, облыс әкімдігі, керек болса Сотқа дейін барамыз деп бекініп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: