Кентауда шенеунік "Ashyq" енгізуге қорытынды бергені үшін пара алды

Радмир Фахрутдинов / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 15:50 Радмир Фахрутдинов / zakon.kz
Түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті "Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған лауазымды тұлға Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден "Ashyq" қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды.

Күдікті ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қ. ПБ УҰИ-да қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: