Жаңалықтар тізбегі
0

Пара алу күдігімен бес өңірде лауазымды тұлғалар тергелуде

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 21:47 zakon.kz
Күдікті адамдардың кінәлілік дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешімдерді сот шығарады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының жалдамалы қызметкерін әшкереледі, ол өзін мониторингтік топтың мүшесі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін олардың қамқорлығы және карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату бойынша мүмкіндіктері мен өкілеттіктерінің бар екендігін айтып алдаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған сенген ойын-сауық орындарының өкілдері ай сайын күдіктіге жалпы қамқорлығы және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен бас тартқаны үшін ақшалай қаражат төлеген.
Лауазымды тұлғалардың қатыстылығы тексеріледі. Күдікті адам ұсталды және оған қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қарағанды облысында аудандық ауруханалардың бірінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол қол астындағы қызметкерлерінен "COVID-19" коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге қатысқан жұмыскерлерді ынталандыру үшін берілген үстемеақыдан пара алу күдігіне ілінді. Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК облыстық филиалының директоры мен осы филиалдың басқа да қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған филиалдың лауазымды тұлғалары аудандық ветеринарлық зертханаларды жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою үшін мердігер ұйымның директорынан жалпы сомасы 1 млн 800 мың теңгеден астам жүйелі негізде пара алу күдігіне ілінді. Күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қостанай облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ бөлімшелерінің бұрынғы басшылары ұсталды. Олар азаматтарға ақшалай сыйақы үшін жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихан бланкілерін нақты тапсырусыз берген ұйымдасқан топты құруда және басқаруда күдікке ілінді. Ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жол жүру ережелерін білмейтін жүргізушілер жүргізушілікке жіберілді, бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Павлодар облысында Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алу күдігіне ілінді.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық істер бойынша күдікті адамдардың кінәлілік дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешімдерді сот шығарады.

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: