Алматыдағы жағдай үрейлі - Денсаулық сақтау министрі

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2021 00:28 zakon.kz/ Павел Михеев
Ол республикамыздағы ең жоғары аурушаңдық деңгейі Алматы қаласына тиесілі екенін атап өтті. Сондықтан мұнда қатаң карантиндік шектеулер енгізілген.

Қазақстанның кейбір аймақтарында сенбі күнгі локдаунның күші жойылуы мүмкін, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Демалыс күндергі локдаун мәселесіне қатысты "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бізге хабарласты. Егер жағдай біршама түзелсе, онда келесі аптадан бастап сенбіде жеңілдіктер жасауды жоспарлап отырмыз, - деді ОКҚ-дағы брифингіде Денсаулық сақтау министрі.

Ол республикамыздағы ең жоғары аурушаңдық деңгейі Алматы қаласына тиесілі екенін атап өтті. Сондықтан мұнда қатаң карантиндік шектеулер енгізілген.

Алматыда жағдай үрейлі, өлім деңгейі жоғары, аурушаңдық деңгейі республикамыздағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, сондықтан шектеу шаралары қазіргі жағдайға сәйкес келеді. Таразы басында ел азаматтарының өмірі тұр. Біз барлығын егжей-тегжейлі қарап жатырмыз және бірінші мүмкіндікте жеңілдіктер жасаймыз, бизнеске жұмыс жасауға мүмкіндік береміз, - деді министр.

Бұған дейін үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин "қызыл" аймақтағы өңірлерде демалыс күндері локдаун режимі сақталатынын айтты.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: