Жаңалықтар тізбегі
0

ХВҚ Қазақстанға 1,57 млрд доллар-СДР бөледі

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 16:37 pixabay.com
СДР-дың қосымша шығарылымы ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттер арасында олардың квоталарының көлеміне қарай үлестірілді.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Басқарушылар кеңесінің 650 млрд АҚШ долларына тең қаржыны арнайы қарызға алу құқығын (бұдан әрі – СДР) жалпылай үлестіруге қатысты шешімі 2021 жылы 23 тамызда күшіне енді (шамамен 456 млрд СДР). Қазақстанға 1,57 млрд АҚШ долларын құрайтын сомада 1,11 млрд СДР бөлінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Он бірінші рет іске асырылып отырған үлестіру қағидасы ХВҚ тарихындағы ең ауқымдысы болып табылады және сарапшылардың бағалауынша, әлемдік экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығын күшейтуге жағымды ықпал етеді. ХВҚ-ның СДР-ды қайта үлестіру туралы шешімінің мақсаты – ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттердің ұзақ мерзімдік қажеттіліктерін қаржыландыру үшін ғаламдық экономикаға қосымша өтімділік ұсыну. Мұндай қаражаттың бөлінуі әлемдік экономиканың пандемиядан кейінгі қалпына келу үдерістерін ынталандыратын болады, деп атап өтті Ұлттық банктегілер.

СДР-дың қосымша шығарылымы ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттер арасында олардың квоталарының көлеміне қарай үлестірілді.

ХВҚ-ға мүше мемлекеттер үлестрілген СДР-ды қандай мақсатта пайдаланатынын өз бетінше шешуге құқылы. СДР валюталық резервтердің бөлігі болып табылатындықтан, сақталынуы немесе өзге мүше мемлекеттердің еркін конвертацияланатын валютасын алу мақсатында айырбасталуы мүмкін.

Сонымен қатар, сыртқы экономикалық операциялар бойынша жағдайы едәуір жақсы мүше мемлекеттер, экономиканың дағдарыстан кейін қалпына келуіне көмектесу мақсатында, үлестірілген СДР-ды жағдайы әлсіздеу мемлекеттерге ерікті түрде беруіне болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: