Шетелдік жұмысшы күшін тартуға арналған квотаға өзгеріс енгізілді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 19:29 primeminister.kz
Маусымдық жұмысшылар саны 2 976-дан 2 853-ке дейін қысқарды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен "Квота бөлу туралы" 2020 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрыққа өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған сәйкес, өңірлерге жұмысшы күші ретінде тартылған шетелдіктердің саны 28 305-тен 28 247 адамға дейін қысқарды.

Өзгерістер келесі санаттарда болды:

1-санат: болғаны - 1 344, қалғаны - 1 354 қызметкер.

2-санат: болғаны - 7 510, қалғаны - 6 896.

3-санат: болғаны - 12 295, қалғаны - 12 279.

4-санат: болғаны - 4 170, қалғаны - 4 875.

Маусымдық жұмысшылар саны 2 976-дан 2 853-ке дейін қысқарды.

Өңірлер бойынша квотаны мына арадан көруге болады.

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: