Қазақстанда алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы күтілуде

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 20:42 pxhere.com
Республиканың барлық өңірлерінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты.

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылдың 26-28 тамызына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі: найзағай, бұршақ, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Республиканың барлық өңірлерінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты:

  • батыста түнде 17-22, күндіз 30-38 жылы,
  • солтүстікте түнде 7-18, күндіз 20-35 жылы,
  • орталықта және республиканың шығысында түнде 7-18, күндіз 22-35 жылы,
  • оңтүстікте түнде 15-23, күндіз 32-40 жылы,
  • оңтүстік-шығыста түнде 13-22, күндіз 27-37 градус ыстық күтілуде.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: