Жаңалықтар тізбегі
0

Үшінші мегаполис зиялылары ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиын өткізді

Шымкент әкімдігі Шымкент әкімдігі
Қала халқының 52 пайызы егемендік алған 30 жылдың ішінде дүниеге келгенін және шаһар тұрғындарының орташа жасы 28-ді құрағанын айтты.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қатысуымен Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасында "Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шымкент қаласының басты жетістіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/thumbs/1629980966_2.jpg

Басқосуға "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт, М. Әуезов атындағы ОҚУ проректоры Сәкен Мәжiнбеков, қалалық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева, "Азаматтық Альянс" ҚБ төрағасы Жұмағали Бiлiсбеков, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан, ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, "Оңтүстік" телеарнасының директоры Уәли Қыдыров, "Қаратау дәстүрлі өнер" мектебінің директоры Біржан Байтуов, "Дустлик" өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов, "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева қатысты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/thumbs/1629981059_1.jpg

Алқалы жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы Қазақстанның соңғы үш онжылдықтағы мемлекеттік құрылыстағы тарихи серпілісінің, әртараптандырылған нарықтық экономиканы құруда үшінші мегаполистің алар орны ерекше екенін жеткізді. Қала халқының 52 пайызы егемендік алған 30 жылдың ішінде дүниеге келгенін және шаһар тұрғындарының орташа жасы 28-ді құрағанын айтты. Сондай-ақ, айтулы жылды шаһарда кең көлемде мерекелеу барысын атап өтті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/thumbs/1629981098_6.jpg

Егемендік алғалы елімізде көптеген ауқымды жобалар атқарылып, соның жемісін көріп келеміз. Осы жетістіктердің ішінде Шымкент қаласы мен жұртшылығының алатын үлесі едәуір. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кең көлемде қамту мақсатында басқармалар мен аудан әкімдіктерінен ұсыныстар жинақталып, әр айға арнайы атаулар берілген. Бұл ретте биыл бірінші жартыжылдықта қала бойынша Тәуелсіздігімізді ұлықтаған 175 іс-шара өткізілді. Оның ішінде республикалық 74 ауқымды іс-шараға 45 мыңнан астам адамды қамтылды. Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табатыны сөзсіз, - деді Шыңғыс Мұқан.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/thumbs/1629981087_8.jpg

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымшаһарда атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерді талқылады. Сонымен қатар, "Туған қала" атты бейнероликті тамашалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз