Президент ІІМ мен ҰҚК басшыларына жаңсақ ақпараттың таралуына жол бермеуді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК басшыларына Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты жалған ақпараттың таралуына, негізсіз дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігіне оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарының мұқият жүргізуді қамтамасыз етуді, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырылды, делінген Ақорда хабарламасында.
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдарға оқиға туралы жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.
Айта кетсек, 26 тамызда сағат 19.00 уақытында Жамбыл облысында жарылыстар болды. Бес адамның қаза тапқаны айтылады. Олардың барлығы әскери қызметкерлер. Зардап шеккендердің саны 90-ға жетті. Жергілікті халық мектептерге эвакуацияланды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін айтты.