Қыркүйектің алғашқы күндері жылы болады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 19:15 Pixabay
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында үсік болады.

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 2-4 қыркүйегіне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне алып келген суық солтүстік-батыс антициклоны, шығыс бағытқа ауысып, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік өңірлерінде топырақ бетінде түнгі үсік жүруі мүмкін.

Еліміздің батыс өңірлерін, сондай-ақ атмосфералық фронттардың ықпалымен 2-3 қыркүйекте қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілетін елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда, антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының күндіз 25-30-ға дейін, республиканың оңтүстік жартысында 37 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі.

Тек еліміздің батысында 17-25 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: