Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркеуден өтті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 20:29 zakon.kz
Атап айтқанда, сегіз айлық мерзімге.

Pfizer-BioNTech Comirnaty вакцинасы ("Kомиранти") Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі 23 тамызда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Комирнати" вакцинасына сегіз ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін бергенін хабарлайды.

Комирнати вакцинасын Pfizer мен BionTech компаниялары бірлесіп жасаған. Вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта препарат ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған деп көрсетілген.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл вакцина тек жүкті әйелдер мен балаларға ғана қолжетімді болатынын айтқан болатын. Бұл ретте балаларға тек ата анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен екпе есалынатыны айтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: