Pfizer вакцинасы Қазақстанда тек жүкті әйелдер мен балаларға қолжетімді болады
![zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 17:57](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-d21e0a5d-2ac9-4fd6-9cd3-80a7fd651d6c/800x452.webp)
Сондықтан басқалар бұл вакцинадан үміттенбей-ақ қойсын - министр.
Pfizer вакцинасы Қазақстанда тек жүкті әйелдер мен балаларға қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бастапқыда кезеңде - қазан айында балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасы қолжетімді болады, сондықтан басқалар бұл вакцинадан үміттенбей-ақ қойсын. Қазір барып, екпе салдыртыңыздар. Бір аптадан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Қытайдан тағы бір вакцина жеткізіледі, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған. Онымен де егілуге болады, - деді ол.
Бұған дейін министр Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы қайта екпе салдырту "ревакциналау) қазан айында басталатынын айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript