Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан жолдарында сиырды ультрадыбыспен үркіту жоспарлануда

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 21:36 kolesa.kz
ҚР ИИДМ сиыр мен жылқының кенет жолға шығып кетуінің алдын алуға ниетті.

Қазақстанда жыл сайын жануарлар себеп болған жүздеген жол апаты болады, оның көбінде кісі өлімі тіркеледі. Мысалы, 2019 жылы осындай 99 апат болып, 32 адам қайтыс болды және 147 адам жарақат алды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігін жақсарту үшін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Құжатқа сәйкес жол жөндеушілерге енді "жолдардың жүру бөлігін жануарлардан қорғау функциясы бар ультрадыбыстық аспаптарды (дуалдарды) орнату, жөндеу және ауыстыру" міндеті қоса жүктеледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 21:36

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Kolesa.kz тілшісіне хабарлағандай, жануарларды үркітетін ультрадыбысты қоршау республикалық маңызы бар Доссор — Құлсары — Бейнеу — Ақтау тас жолының 723-726-шақырымында (Маңғыстау облысы Шетпе ауылы маңында) орнатылды, оның ұзындығы 3000 бойлық метр. Сондай-ақ Щучинск — Нұр-Сұлтан автожолының ақылы бөлігінде (201-206-шақырымында) ұзындығы 6000 бойлық метр қоршау орнатылды.

Анықтама үшін: үркіту құрылғысы жоғары жиілікті дыбыс немесе жеңіл тербелісті қосу арқылы ірі не ұсақ жануарларды объектіге жақындатпайды. Мұндай құрылғы көптеген елде қолданылады. Жануар қоршауға жанасқан кезде электр тогы ұрады да, ол кейін шегінеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: