Ақтау маңында үйір жылқының кесірінен жаппай жол апаты болды

Ақтау маңында үйір жылқының кесірінен жаппай жол апаты болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2026 14:36 Сурет: Lada.kz
Ақтау қаласынан шығар жолда жолға шығып кеткен үйір жылқының салдарынан үш көлік жаппай жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2026 жылғы 26 шілде күні таңғы сағат 04:00 шамасында Ақтаудан әуежай бағытына шығатын жолда, бекеттен шамамен 800 метр жерде болған, деп жазады Lada.

Жол апатына ұшырағандардың айтуынша, Lexus пен Toyota Camry көліктері жолдың бойында еркін жайылып жүрген үйір жылқыға соғылған. Артынан келе жатқан тағы бір Toyota Camry тежегішті дер кезінде басып үлгермей, алдыңғы көлікке соқтығысқан.

Жол апатынан кейін жүргізушілер полиция шақырған. Олардың айтуынша, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының сызбасын жасап, кетіп қалған. Алайда жылқылардың иесін анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін ешкім келмеген.

"Жол полициясы келіп, сызбасын сызып, кетіп қалды. Біз малдың иесін анықтап, қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін полиция қызметкерлерінің келуін талап етіп жатырмыз. 102 нөміріне қайта-қайта хабарласамыз, бірақ біреуі бұл қала аумағы десе, енді бірі ауданға қарайды дейді, тағы біреулері әлдекімді күтіп отырғанын айтады. Үйір жылқы жолда еркін жайылып жүр, құлақ сырғасы да, таңбасы да жоқ. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ көліктерге айтарлықтай зақым келді. Біз малдың иесін тауып, істі заң аясында қарауды талап етеміз", – деді жол апатына түскендердің бірі Алмагүл Лепесбаева.

Жүргізушілердің айтуынша, олар оқиға орнында полиция қызметкерлерін алты сағаттан астам күткен. Материал жарияланған сәтте жылқылардың иесі әлі анықталмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: