Жаңалықтар тізбегі
0

Жолдаудағы бастамаға отандық IT қауымдастығы өкілдері аса қызығушылық танытып отыр

Мәдина Кәкімжанова, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2021 02:41 Мәдина Кәкімжанова
Президент Жолдауындағы бастамаға, "Көркем Телеком" компаниясының басқарма төрағасы Әсет Ахметов, қазақстандық IT қауымдастығының өкілдері ретінде аса қызығушылық танытып отырғандарын айтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы ІТ саласын жергілікті кадрлармен толтықтыру бастамасын 100 пайыз қолдаймыз, - дейді "Көркем Телеком" компаниясының басқарма төрағасы Әсет Ахметов. Оның айтуынша, өзі қызмет атқаратын ІТ саласында білікті кадрлар жетіспеушілігі мәселесі - өте өзекті, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, бүгін - 1 қыркүйекте жариялаған Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру екендігіне, сәйкесінше Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажеттігіне тоқталды.

"Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу айрықша маңызды. Біз шетелдегі стратегиялық серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуге тиіспіз. Сонымен бірге, отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу де маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет. Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға жетуге тиіс. Осы және басқа да міндеттер мемлекеттік секторды толығымен "цифрлық қайта жүктеуді" талап етеді. Мұндағы бұрыннан келе жатқан басты түйткіл – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара тиімді кіріктірілмеуі. Бұл мәселе түбегейлі әрі тезірек шешімін табуы керек", - деді Президент.

Бұл бастамаға, "Көркем Телеком" компаниясының басқарма төрағасы Әсет Ахметов, қазақстандық IT қауымдастығының өкілдері ретінде аса қызығушылық танытып отырғандарын айтады.

Компанияның терең цифрландыру бойынша табыстылығы ІТ секторын жас әрі білімді мамандармен нығайтуға байланысты. Мұны Президент өз Жолдауына дәл әрі нақты айтты. Қазақстанда кәсіби кадрлардың жеткілікті саны қамтамасыз етілмейінше, біздің айтып жүргендеріміздің барлығы тек арман болып қалмақ, - дейді ол.

Сондай-ақ өз Жолдауында Президент "Электронды үкіметтің" мүлде жаңа құрылымын жасау керектігін айтты.

Біріншіден, "Электронды үкіметтің" мүлде жаңа құрылымын жасау керек. Мемлекеттік сектордың барлық ІТ-бастамасы тек қана қазақстандық мемтехтың жаңа платформасына негізделеді. Бұл платформа қайталауларды, тиімсіз шығыстарды және бюрократияны жояды. Мемлекеттік қызметтер азаматтарға смартфоннан 100 пайыз қолжетімді болады, - деді Тоқаев.

Бұл ретте Әсет Ахметов отандық ІТ компания ретінде біз үшін жергілікті мамандарды жалдау қиындығы арта түсетінін, сондықтан Президенттің жергілікті кадрларды даярлау бастамасын 100 пайыз қолдайтынын, оның ойдан шығарылмағанын, оған осындай елдік бастамалар түрткі екенін баса айтты.

Жалпы, ІТ мамандарының біліктілігін жетілдіру, олардың санын арттыру осы саладағы фрилансерлер нарығын ұлғайтып, ұлттың бәсекеге қабілеттігі мен экспорттық табысын арттырып, білім мен микробизнесті ынталандырады, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: