Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда теннистен алғаш рет WTA турнирі өтеді

ktf.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2021 23:56 ktf.kz
Әлемнің әйгілі 100 үздік теннисшілері 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін турнирге келуге ниет білдірді.

Теннистен әйелдер қауымдастығы (WTA) қыркүйек айының соңында біздің елімізге келіп, тіркеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жүлде қоры 235 000 АҚШ долларын құрайтын WTA250 "Astana Open" ірі халықаралық теннис турнирі өтеді.

Әлемнің әйгілі 100 үздік теннисшілері 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін турнирге келуге ниет білдірді. Қазақстандықтардан Юлия Путинцева мен Зарина Диас алғашқылардың бірі болып тіркелді. Олар US OPEN-2021-де ұтылғаннан кейін, Нұр-Сұлтанда өтетін турнирге келіп жетті.

Бұл - айтулы оқиға. Екі апта бойы Қазақстан әлемдік теннистің назарында болады. Өйткені, бірінші ерлер арасында ATP 250 турнирі, одан кейін әйелдер арасында WTA 250 турнирі өтеді, - дейді Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі, Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон.

- Біз бүкіл әлемнің теннисшілері мен жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер қалдыру үшін барымызды саламыз.

Чемпион титулы мен ақшалай сыйлықтардан басқа, теннисшілер 250 рейтингтік ұпайға таласады. Кәсіби турнирдің алдында Республика чемпионаты өтеді.

Республикалық турнирдің жеңімпаздары ATP және WTA250-ға wild card алады.

Қуандық Шынасылов, Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: