Astana Open турнирінде ТОП-50-ге кіретін 10 теннисші ойнайды

Astana Open, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 18:51 Сурет: ktf.kz
Астанада 26 қыркүйек – 3 қазан аралығында өтетін ATP 250 хард төсенішіндегі турнирге қатысатын ойыншылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс рейтингісін мына теннисшілер бастайды: хорватиялық Борна Чорич (23 АТР), нидерландылық Таллон Грикспор (24 АТР), қазақстандық Александр Бублик (27 АТР), чехиялық Иржи Легечка (29 АТР), америкалық Себастьян Корда (31 АТР), аргентиналық Себастьян Баэс (32 АТР).

 Қазақстан астанасында сондай-ақ франциялық Адриан Маннарино (35 АТР), сербиялық Ласло Джере (38 АТР), аустралиялық Алексей Попырин (41 АТР), швейцариялық Стэн Вавринка (49 АТР) және басқалар ойнайды.

Ел намысын ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бубликтен басқа беделді жарыста Михаил Кукушкин (WC), жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов қорғайды.

Сурет: ktf.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: