Жаңалықтар тізбегі
0

Биылғы Astana Open турниріне әлемдік теннис жұлдыздарынан кімдер қатысады

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 21:37 Сурет: ktf.kz
Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында ATP 250 Astana Open турнирі үшінші рет өткелі жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Астанада ATP 250 турнирі 2020 және 2021 жылдары, ал 2022 жылы қазақстандық теннис тарихында алғаш рет ATP 500 сериясындағы турнир өтті.

Биыл турнир 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді.

Осы жылғы турнирге:

  • Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы, Халледегі ATP 500 турнирінің чемпионы Александр Бублик,
  • "Үлкен дулыға" санатындағы үш турнирдің жеңімпазы, Олимпиада чемпионы, 19 ATP турнирінің жеңімпазы, Дэвис кубогының иегері, бұрынғы әлемнің 3-ракеткасы Стэн Вавринка (Швейцария);
  • "Үлкен дулыға" санатындағы бір турнирдің және 17 ATP турнирінің жеңімпазы, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы Доминик Тием (Аустрия);
  • жасөспірімдер арасындағы "Үлкен дулыға" санатындағы бір турнирдің жеңімпазы, жасөспірімдер рейтингіндегі әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, қазіргі әлемнің 32-ракеткасы Себастьян Корда (АҚШ) қатысатынын растады.

Турнирдің жүлде қоры - 1 017 860 АҚШ доллары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: