Astana Open: Доминик Тимнің автограф-сессиясында ұзын-сонар кезек болды

Доминик Тим, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 09:50 Сурет: ktf.kz
Astana Open ATP 250 турнирінде US Open 2020 чемпионы, әлемнің экс-үшінші ракеткасы, Аустрия өкілі Доминик Тимнің автограф-сессияcы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Бұған жанкүйерлер көптеп жиналды, сондықтан ұзын-сонар кезек пайда болды.

Сурет: ktf.kz

Сурет: ktf.kz

Сурет: ktf.kz

Доминик Тим қазіргі уақытта ATP рейтингінде 81-орында тұр. Аустриялық теннисші бүгін, 28 қыркүйекте бірінші айналымда Перу елінің өкілі Хуан-Пабло Варильяспен ойнайды.

Астанадағы турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 017 850 доллар. Оның қазіргі чемпионы – әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович.

Айта кетейік, былтыр Бейжіңдегі турнирдің тоқтатылуына байланысты бұл бәсеке Астанада ATP 500 сериясында өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: