Алматының бір ауданы бес күнге судан ажыратылады
zakon.kz
Шектеу жергілікті қазандықтағы жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілмек.
Алматының Алатау ауданында бірқатар ғимараттар бес күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылдың 6 қыркүйегі мен 10 қыркүйегі аралығында "Саялы-2" ықшамауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді.
Шектеу жергілікті қазандықтағы жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілмек.
"Алматы жылу желілері" ЖШС уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript