Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ауғанстаннан Орталық Азия аймағына төнуі мүмкін қауіп-қатерлерді атады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2021 20:58 pixabay.com
Босқындардың бас сауғалау қаупі сақталып отыр - Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстаннан Орталық Азия аймағына төнуі мүмкін қауіп-қатер мен тәуекелдерді атады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Меніңше, көп зардап шекккен бұл елден туындайтын қауіптер мен тәуекелдер түрі айқын. Америкалықтар кеткеннен кейін, ол арада 85 млрд доллардан асатын ең үлкен қару-жарақ қалды, онда да озық үлгісі. Босқындардың бас сауғалау қаупі сақталып отыр. Осындай шетін мәселелерде біз Ресеймен және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен бір қатарды ұстанатынымыз қуантады, - деді Мемлекет басшысы Шығыс экономикалық форумында.

Ол Ауғанстандағы жағдайға қатысты мәселелер қаралған ҰҚШҰ отырысын еске алды.

Президенттің айтуынша, отырыста осы елден туындайтын тәуекелдерге қатысты шоғырландырылған позицияны ұстану туралы шешім қабылданды.

Әрине, біз сөзге емес, іске қарап бағалау керек деген тұжырымға сүйеніп, қазір біз Ауғанстандағы жағдайдың ары қарай өрбуін, билікке келген тәліптердің саясатын сырттай мұқият бақылап отырамыз. Біздің тілегіміз, әрине, төзімді елде ақыры тұрақты бейбітшілік орнаса дейміз, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Жолдауында Ауғанстандағы жағдай туралы да айтты. Ол бұл ретте ең нашар сценарийге дайындалу керектігін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: