Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Шығыс экономикалық форумы аясында меморандумға қол қойды

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2021 23:38 ПМ
Қол қою рәсімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен бейнеконференция байланысы форматында өтті.

Бүгін Шығыс экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен СБЕР компаниялар тобының басшысы Герман Греф Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделіне және "Data-Driven Government" тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қол қою рәсімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен бейнеконференция байланысы форматында өтті. Құжат Қазақстанда GovTech цифрлық платформасын енгізу, деректерді талдау және жасанды зерде бойынша практикаларды қолдана отырып, мемлекеттік басқарудың реинжинирингі және цифрлық трансформациялау бойынша ынтымақтастықты дамытудың негізгі тәсілдерін көздейді. Цифрлық архитектураның платформалық моделі халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің жылдамдығы мен тиімділігін арттыруға жол ашады, делінген primeminister.kz сайтында.

Бұл жоба мемлекеттеріміздің өзара сенімінің белгісін тағы бір айқындай түседі. 15 жылдан астам уақыт біздің нарықта табысты жұмыс істеп келе жатқан СБЕР-дің қазақстандық мемтехтың институционалдық негізін қалыптастыруға атсалысуы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты зияткерлік технология сияқты аса маңызды сала арқылы жан-жақты ете түседі. Шын мәнінде, бұл өте маңызды қадам, — деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы стратегиялық жобаны іске асыру Қазақстан азаматтарының тұрмыс сапасын арттыруға және бизнес ахуалды жақсартуға ықпал ететінін айтты.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз сөзінде ҚР Үкіметі мен СБЕР компаниялар тобы арасындағы құжатқа қол қою екі елдің барлық саладағы, соның ішінде цифрландырудағы ынтымақтастығының жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: